Briggs & Stratton 120000 Welding Consumables User Manual


 
236 BRIGGSandSTRATTON.COM
Жалпы ақпарат
Бұл нұсқаулықта қозғалтқыштарға қатысты қауіп-қатерлер және олардың алдын
алу туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, оның ішінде қозғалтқышты дұрыс
пайдалану және оған күтім көрсету нұсқаулары берілген. Briggs & Stratton
корпорациясы бұл қозғалтқыш қандай жабдыққа қуат беретінін білмеуі мүмкін
болғандықтан осы нұсқауларды және жабдықтың нұсқауларын оқып түсінуіңіз
маңызды. Осы түпнұсқа нұсқауларды келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қосалқы бөлшектер мен техникалық көмек алу үшін төмендегі қозғалтқыш моделін,
түрін, код нөмірлерін және сатып алу күнін жазып қойыңыз. Бұл нөмірлер
қозғалтқышта берілген (
Мүмкіндіктер мен басқару құралдары
бетін қараңыз).
Сатып алу күні:
Қозғалтқыш моделі:
АА/ КК/ЖЖЖЖ
Модель: Код:Түрі:
Номиналды қуат мөлшерлері: Жеке бензин қозғалтқыштары модельдерінің жалпы
номиналды қуаты SAE (Автокөлік инженерлерінің қауымдастығы) J1940 коды,Кіші
қозғалтқыштардың қуаты мен айналдыру моментін анықтау процедурасына сәйкес
белгіленеді және SAE J1995 процедурасына сәйкес анықталады. Айналу
моментінің мәндері жапсырмасында “айналым/минут” жазбасы бар қозғалтқыштар
үшін 2600 айналым/минут мәнінде және барлық басқа қозғалтқыштар үшін 3060
айналым/минут мәнінде өлшенеді; ат күші мәндері 3600 айналым/минут мәнінде
өлшенеді. Жалпы қуаттың қисық сызықтарын www.BRIGGSandSTRATTON.COM
сайтында көруге болады. Таза қуат мәндері газ шығаратын түтік мен ауа
тазалағышын орнатып өлшенеді, ал жалпы қуат мәндері бұл қосымшалар
орнатылмай анықталады. Нақты жалпы қозғалтқыш қуаты таза қозғалтқыш
қуатынан жоғары болады және оған, басқа факторлардың ішінде, айналадағы
жұмыс жағдайлары мен қозғалтқыштар арасындағы ауытқу әсер етеді. Қозғалтқыш
алуан түрлі өнімдерге орнатылғандықтан, белгілі бір қуат беру жабдығына
орнатылған кезде бензин қозғалтқыштары номиналды жалпы қуатын бермеуі
мүмкін. Бұл айырмашылық әр түрлі факторға байланысты болады, соның ішінде,
бірақ олармен шектелмей, қозғалтқыш құрамдас бөліктерінің әр түрлі болуы(ауа
тазалағышы, газ шығаратын түтік, жанармай құю, салқындату, карбюратор,
жанармай сорғысы, т.б.), қолдану шектеулері, айналадағы жұмыс жағдайлары
(температура, ылғалдық, биіктік) және қозғалтқыштардың әр түрлі болуы. Өндіру
және шығару шектеулеріне байланысты Briggs & Stratton осы қозғалтқышты қуаты
одан жоғары қозғалтқышпен ауыстыруы мүмкін.
Оператор қауіпсіздігі
Жарылыс
Уытты түтіндер
Қозғалатын
бөлшектер
Соққы
Ыстық бөлік
Кері тарту
Өрт
Жанармай
беруді тоқтату
Нұсқаулықты
оқу қажет
Дроссель
Май
Жанармай
Қосу Өшіру
Тоқтату
Көздерді қорғау
құралдарын кию
қажет
Баяу
Жылдам
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ БАСҚАРУ БЕЛГІШЕЛЕРІ
Қауіпті
химиялық зат
Үсу
Қауіпсіздікке байланысты ескерту таңбасы жарақат алуға себеп болуы мүмкін
қауіптер туралы қауіпсіздікке байланысты ақпаратты белгілеу үшін қолданылады.
Қаратпа сөз (ҚАУІПТІ, ЕСКЕРТУ немесе АБАЙ БОЛЫҢЫЗ) ескерту таңбасымен
бірге жарақат алу ықтималдығы мен оның ауырлығын білдіру үшін қолданылады.
Оған қоса, қауіп түрін көрсету үшін қауіп таңбасы қолданылуы мүмкін.
ҚАУІПТІ сөзі алдын алмаса, өлімге немесе ауыр жарақатқа себеп болуы
мүмкін қауіпті білдіреді.
ЕСКЕРТУ сөзі алдын алмаса, өлімге немесе ауыр жарақатқа себеп
болуы мүмкін қауіпті білдіреді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ сөзі алдын алмаса, орташа немесе жеңіл жарақатқа
себеп болуы мүмкін қауіпті білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ сөзі өнімнің зақымдалуына себеп болуы мүмкін жағдайды
білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Осы өнімнің және оған қатысты керек-жарақтардың кейбір құрамдас
бөліктерінде Калифорния Штатында обырға, нәресте ақауларына немесе басқа
репродуктив зиянға себеп болады деп есептелетін химиялық заттарды
қамтиды. Ұстағаннан кейін қолыңызды жуыңыз.
ЕСКЕРТУ
Осы өнімнен шығатын газ Калифорния Штатында обырға, нәресте ақауларына
немесе басқа репродуктив зиянға себеп болады деп есептелетін химиялық
заттарды қамтиды.
ЕСКЕРТУ
Briggs & Stratton қозғалтқыштары төмендегілерге қуат беру үшін қолданылуға
арналмаған: ойын-сауық карттар; әдеттегі карттар, балалар, демалыс немесе
спорттық кез келген жерде жүре беретін көліктері; мотоциклдер; ауа
жастықшасымен жүретін көліктер; әуе көліктері; немесе Briggs & Stratton рұқсат
бермеген жарыстарға қатысатын көліктер. Жарыстарға қатысатын өнімдер
туралы ақпарат алу үшін www.briggsracing.com сайтына кіріңіз. Автофургондар
мен арбасы бар көліктерде қолдану бойынша Briggs & Stratton компаниясының
Қозғалтқыштарды қолдану орталығына хабарласыңыз, 1- 866- 927- 3349.
Қозғалтқышты дұрыс қолданбау салдарынан жарақат алу немесе өліп кету
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қозғалтқыш Briggs & Stratton компаниясынан май құйылмай
жөнелтіледі. Қозғалтқышты оталдырмас бұрын осы нұсқаулықтағы нұсқауларға
сәйкес май құюды ұмытпаңыз. Қозғалтқышты май құймай оталдырсаңыз, ол
жөнделмейтіндей зақымдалады. Мұндай зақым кепілдікке кірмейді.
Not for
Reproduction