Briggs & Stratton 120000 Welding Consumables User Manual


 
239
kk
Мүмкіндіктер мен басқару
құралдары
Суретті салыстырыңыз
1
мен басқару құралдарының орнын біліп алу үшін
суретін қозғалтқышыңызбен салыстырыңыз.
A. Қозғалтқыш анықтағышы
Модель Түрі Код
B. Оталдыру білтесі
C. Қосымша жанармай беру құралы (қосымша)
D. Жанармай багі мен қақпағы
E. Ауа тазалағышы
F. Іске қосу сымының тұтқасы
G. Май деңгейін өлшейтін өзек
H. Май ағызу тығыны
I. Шығатын газ өшіргісі
Шығатын газ өшіргісінің қорғағышы (қосымша)
Ұшқын сөндіргіші (қосымша)
J. Дроссель (қосымша)
K. Дроссельді басқару құралы (қосымша)
L. Тоқтату ауыстырып қосқышы (қосымша)
M. Тез жабатын клапан (қосымша)
N. Жанармай сүзгісі (қосымша)
O. Саусақ қорғағышы
Жұмысы
Май көлемі (
Сипаттамалар
бөлімін қараңыз)
Майға қатысты кеңестер
Жоғары өнімділік үшін Briggs & Stratton компаниясының кепілдікке сәйкес деп
куәландырылған майларын қолданғанды жөн санаймыз. SF, SG, SH, SJ не одан
жоғары кластағы басқа сапалы жуғыш қосымы бар майларды қолдануға болады.
Арнайы қосымша заттарды қолдануға болмайды.
Қозғалтқышта қолданылатын май қоюлығы сыртқы температураға сәйкес
таңдалады. Күтілген сыртқы температуралар ауқымына ең қолайлы қоюлықты
таңдау үшін кестені қолданыңыз.
SAE 30
10W‐30
синтетикалық 5W‐30
5W‐30
°F °C
* 40°F-тен (4°C) төмен температурада SAE 30 қолданылса, қозғалтқышты
оталдыру қиын болады.
** 80°F-тен (27°C) жоғары температурада 10W-30 түріндегі май қолданылса,
ол шамадан тыс жұмсалуы мүмкін. Май деңгейін жиі тексеріп тұрыңыз.
Тексеру/май қосу тәсілі -
Сурет
2
Май қоспас немесе оны тексермес бұрын
Қозғалтқышты тегіс жерге қойыңыз.
Май құю жерін тазалаңыз.
1. Май деңгейін өлшейтін өзекті (A) шығарып алып, таза шүберекпен сүртіңіз
(Сурет 2).
2. Май деңгейін өлшейтін өзекті мықтап кіргізіңіз.
3. Май өзегін шығарып алып, май деңгейін тексеріңіз. Май деңгейі өзектің толық
белгісінің (B) үстіңгі жағында болуы тиіс.
4. Одан төмен болса, май құю тесігіне (C) ақырындап май қосыңыз. Асырып
жібермеңіз. Май қосқаннан кейін бір минут күтіп, май деңгейін қайтадан
тексеріңіз.
5. Май деңгейін өлшейтін өзекті орнына қойып, бекітіңіз.
Май деңгейі төмен болған кезде қолданылатын қорғау жүйесі
(жабдықталған болса)
Кейбір қозғалтқыштар төмен май деңгейін анықтайтын датчикпен жабдықталған.
Май деңгейі төмен болса, датчик ескерту шамын қосады немесе қозғалтқышты
өшіреді. Қозғалтқышты өшіріп, оны қайта оталдырмас бұрын төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
Қозғалтқыш түзу тұрғанына көз жеткізіңіз.
Май деңгейін тексеріңіз.
Тексеру/май қосу
бөлімін қараңыз.
Май деңгейі төмен болса, тиісті мөлшерде май қосыңыз. Қозғалтқышты
оталдырып, ескерту шамы (бар болса) жанбағанына көз жеткізіңіз.
Май деңгейі төмен болмаса, қозғалтқышты оталдырмаңыз.Майғақатысты
мәселені шешу үшін Briggs & Stratton компаниясының Өкілетті қызмет
көрсетушісіне хабарласыңыз.
Жанармайға қатысты кеңестер
Жанармай келесі талаптарға сай келуі тиіс:
Таза, ескірмеген, қорғасын қосылмаған бензин.
Ең кемі 87 октан саны /87 AKI (91 ЗОС). Жоғары биіктікте қолдану үшін
төмендегіні көріңіз.
Құрамында 10%-ға дейін этанол (газохол) бар бензинді қолдануға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: E15 және E85 сияқты мақұлданбаған бензиндерді қолдануға
болмайды.. Бензинге май қоспаңыз немесе қозғалтқышты балама жанармайлармен
істету үшін өзгертпеңіз. Мақұлданбаған жанармайлар қолданылса, қозғалтқыштың
құрамдас бөліктері зақымдалады және қозғалтқыш кепілдігі өз күшін жояды.
Жанармай жүйесін шайыр түзілуден қорғау үшін жанармайға тұрақтандырғыш
қосыңыз.
Сақтау бөлімін қараңыз.
Барлық жанармайлар бірдей емес. Оталдыруға
немесе қозғалтқыш өнімділігіне қатысты мәселелер туындаса, жанармай
жеткізушілерін немесе брендін ауыстырыңыз. Бұл қозғалтқыш бензинмен жұмыс
істеуге куәландырылған. Бұл қозғалтқыш үшін шығаратын газдарды басқару жүйесі
- ЕМ (өзгертілген қозғалтқыштар).
Жоғары биіктік
5000 футтан (1524 метрден) асатын биіктіктерде ең кемі 85 октан саны /85 AKI(89
ЗОС) бензинін қолдану мүмкін Шығаратын газ шектеулерін сақтау үшін жоғары
биіктікке сәйкес реттеу қажет. Реттемей қолданылса, өнімділігі төмен, жанармай
тұтыну мөлшері жоғары және шығаратын газдар мөлшері жоғары болады. Жоғары
биіктікке сәйкес реттеу туралы ақпарат алу үшін Briggs & Stratton компаниясының
Өкілетті қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Жоғары биіктікке реттелген қозғалтқышты 2500 футтан (762 метрден) төмен
биіктіктерде қолданбаған жөн.
Жанармай қосу жолы -
Сурет
3
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету
мүмкін.
Жанармай қосқан кезде
Жанармай қақпағын шешіп алмас бұрын қозғалтқышты өшіріп,
салқындағанша кем дегенде 2 минут күтіңіз.
Жанармай багін сыртта немесе ауа айналымы жақсы жерде толтырыңыз.
Жанармай багін аса толтырып жібермеңіз. Жанармай кеңеюі үшін
жанармай багі мойынының түбінен асырып толтырмаңыз.
Жанармай ұшқындардан, ашық жалыннан, сигнал беретін шамдардан және
басқа тұтату көздерінен аулақ ұстаңыз.
Жанармай түтіктерін, багін, қақпағын және фитингтерін жиі тексеріп,
шатынап кетпегеніне және жанармай ағызбайтынына көз жеткізіңіз. Қажет
болса, ауыстырыңыз
Жанармай төгілсе, қозғалтқышты оталдырмас бұрын оның ұшып кетуін
күтіңіз.
1. Жанармай қақпағы айналасын тазалаңыз. Жанармай қақпағын шешіп алыңыз
(A,Сурет3).
2. Бакке (B) жанармай құйыңыз. Жанармай кеңеюі үшін жанармай багі мойынының
(C) түбінен асырып толтырмаңыз.
3. Жанармай қақпағын орнына қойыңыз.
Қозғалтқышты оталдыру жолы
Оталдыру сымы жылдам кері тартылған (кері тарту) кезде қолыңыз
қозғалтқышқа қарай тартылып, сымды жіберуге үлгермейсіз.
Бұның салдарынан сүйектеріңіз сынуы не шатынауы мүмкін,
қол-аяғыңызды ауыртып алуыңыз я сіңірлеріңіз созылуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Қозғалтқышты оталдырған кезде оталдырғыш сымды кедергі сезілгенше
ақырын тартып, одан кейін кері тартуға жол бермеу үшін шапшаң тартып
қалыңыз.
Not for
Reproduction