245
kk
BRIGGS & STRATTON КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРҒА ҚАТЫСТЫ КЕПІЛДІК САЯСАТЫ
Сәуір, 2013
Briggs & Stratton корпорациясы төменде берілген кепілдік мерзімінде материал я өндіру ақаулығы немесе осы жағдайлардың екеуі де байқалған кез келген бөлшекті
тегін жөндеуге я ауыстыруға кепілдік береді. Осы кепілдік бойынша жөндеуге не ауыстыруға жіберілген өнімді тасымалдау ақысын сатып алған адам төлеуі тиіс. Бұл
кепілдікке төменде берілген мерзімдер мен шарттар қолданылады. Кепілдік қызметіне қол жеткізу үшін BRIGGSandSTRATTON.COM сайтындағы қызмет
көрсетушілерді табу картасынан ең жақын Өкілетті қызмет көрсетушіні табыңыз.
Бұдан басқа анық түрде берілген кепілдік жоқ.. Жанама кепілдіктер, оның ішінде сату мүмкіндігі мен белгілі бір мақсатпен қолдану мүмкіндігіне деген кепілдіктер
сатып алған күннен бір жыл бойы немесе заң рұқсат еткен мерзімге дейін жарамды болады. Басқа ешқандай жанама кепілдік берілмейді. Кездейсоқ немесе
туындайтын шығындар заң рұқсат еткен мөлшерде есепке алынбайды. Кейбір штаттар не елдер жанама кепілдіктің жарамдылық мерзімін шектеуге рұқсат бермейді
және кейбір штаттар не елдер кездейсоқ не туындайтын шығындарды есепке алмауға я шектеуге рұқсат бермейді, сондықтан жоғарыда айтылған есепке алмау не
шектеу жағдайлары сізге қолданылмауы мүмкін. Осы кепілдік сізге арнайы заңды құқық береді, оған қоса әр түрлі штаттар мен елдерде өзгеше болатын басқа
құқықтарға ие болуыңыз мүмкін **.
ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК
СТАНДАРТТЫ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ *
Y
Бренд/Өнім түрі Жеке мақсатта
қолдану
Коммерциялық мақсатта
қолдану
Vanguardt
J
3жыл 3жыл
Commercial Turf Seriest 2жыл 2жыл
Extended Life Seriest; I/C
®
; Intekt I/C
®
; Intekt Pro; t
Dura-Boret шойын жеңімен жабдықталған Professional Seriest;
Dura-Boret шойын жеңімен жабдықталған 850 Seriest;
Dura-Boret шойын жеңімен жабдықталған Snow Series MAXt;
Dura-Boret шойын жеңімен жабдықталған басқа барлық Briggs & Stratton қозғалтқыштары
2жыл 1жыл
Басқа барлық Briggs & Stratton қозғалтқыштары 2жыл 90 күн
* Бұлар біздің стандартты кепілдік шарттарымыз, бірақ кейде басылым кезінде анықталмаған қосымша кепілдікпен қамтылатын жағдайлар болуы мүмкін.
Қозғалтқышыңызға қатысты ағымдағы кепілдік шарттарының тізімін көру үшін BRIGGSandSTRATTON.COM сайтына өтіңіз немесе Өкілетті Briggs & Stratton
қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
** Австралияда - біздің тауарларымыз Австралиялық тұтынушылар заңына сәйкес есептен шығарылмайтын кепілдікпен қамтылады. Елеулі ақаулық байқалса,
тауарды ауыстырып алуға не ақшасын қайтарып алуға және басқа болжалды шығын я залал үшін өтемақы алуға құқығыңыз бар. Сондай-ақ, ақаулық елеулі
дәрежеге жетпесе, бірақ сапасы дұрыс болмаса, тауарларды жөндетуге не ауыстырып алуға құқығыңыз бар. Кепілдік бойынша қызмет алу үшін
BRIGGSandSTRATTON.COM сайтындағы қызмет көрсетушілерді табу картасынан, 1300 274 447 нөміріне телефон соғу, salesenquiries@briggsandstratton.com.au
мекенжайына электрондық хат жіберу немесе Briggs & Stratton Australia Pty Ltd, 1 Moorebank Avenue, Moorebank, NSW , Австралия, 2170 мекенжайына хатжазу
арқылы ең жақын Өкілетті қызмет көрсетушіні табыңыз.
Y
Үй жағдайында қолданылатын қосалқы генераторлар: тек тұтынушылық мақсатта қолдану үшін 2 жылдық кепілдік. Коммерциялық мақсат үшін кепілдік
берілмейді. Бұл кепілдік ток желісі орнына қуат көзі ретінде қолданылатын жабдыққа орнатылған қозғалтқыштарды қамтымайды. Жарыстарда немесе
коммерциялық не жалға берілетін тректерде қолданылатын қозғалтқыштарға кепілдік берілмейді.
J
Қосалқы генераторларға орнатылған Vanguard: тұтынушылық мақсатта қолдануға 2 жыл кепілдік беріледі, коммерциялық мақсатта қолдануға кепілдік
берілмейді. Автофургондарға орнатылған Vanguard тұтынушылық және коммерциялық мақсатта қолдануға 2 жыл кепілдік беріледі. Сұйықтықпен
салқындатылатын 3-цилиндрлі Vanguard: Briggs & Stratton 3/LC қозғалтқышына қатысты кепілдік саясатын көріңіз.
Кепілдік мерзімі бірінші бөлшек сауда тұтынушысы немесе коммерциялық түпкі пайдаланушы сатып алған кезден басталып, жоғарыдағы кестеде көрсетілген уақытта
аяқталады. “Тұтынушылық мақсатта қолдану” бөлшек сауда тұтынушысы үйінде жеке қолданған жағдайды білдіреді. “Коммерциялық мақсатта қолдану” басқа барлық
мақсатта қолдануды, оның ішінде коммерциялық мақсатта, кіріс әкелуі не жалға үшін беруді білдіреді. Коммерциялық қолдануда болғаннан кейін осы кепілдік шарттарына
сәйкес қозғалтқыш коммерциялық мақсатта қолданылған деп есептеледі.
Briggs & Stratton өнімдеріне кепілдік алу үшін кепілдікті тіркеудің қажеті жоқ. Сатып алғаныңызды дәлелдейтін құжатты сақтасаңыз болғаны. Кепілдік бойынша қызмет
көрсету кезінде алғашқы сатып алу күнінің дәлелін көрсетпесеңіз, кепілдік мерзімі өндіру күнінен есептеледі.
Кепілдік туралы мәлімет
Briggs & Stratton кепілдік бойынша жөндеу жұмыстарын қуана атқарады және сізге
қолайсыздық туғызғанына кешірім сұрайды. Кепілдік бойынша жөндеу жұмыстарын
кез келген Өкілетті қызмет көрсетуші атқара алады. Кепілдік бойынша жөндеу
жұмыстарының көбі әдеттегідей орындалады, бірақ кейбіреуі үшін кепілдік
бойынша қызмет көрсетілмеуі мүмкін. Тұтынушы мен қызмет көрсетуші арасында
түсінбеушілік туындамауы үшін төменде кепілдікке кірмейтін қозғалтқыш
ақаулықтары беріліп отыр.
Табиғи тозу: дұрыс жұмыс істеу үшін барлық механикалық құрылғылар сияқты,
қозғалтқыштар да жүйелі түрде қызмет көрсетуді және бөлшектерін ауыстыруды
қажет етеді. Бөлшек немесе қозғалтқыш табиғи себептерге байланысты тозған
кезде кепілдік жөндеу жұмыстарын қамтымайды. Қозғалтқышқа дұрыс
пайдаланбау, жүйелі техникалық қызмет көрсетпеу, дұрыс тасымалдамау, ұстамау,
сақтамау я орнатпау салдарынан келген залалға кепілдік қолданылмайды.
Сондай-ақ, қозғалтқыштың сериялық нөмірі жойылған болса немесе қозғалтқыш
өзгертілген я түрлендірілген болса, кепілдік күшін жояды.
Дұрыс техникалық қызмет көрсетпеу: қозғалтқыштың қызмет мерзімі жұмыс
жағдайларына және күтім көрсетуге байланысты болады. Кейбір қолдану түрлері,
мысалы қопсытқыш, сорғы және айналмалы шөп құрылғысы әдетте шаң я кір
жағдайларда қолданылады, сөйтіп алдын ала тозуы мүмкін. Мұндай тозу дұрыс
техникалық қызмет көрсетпеу салдарынан кір, шаң, оталдыру білтесін тазалайтын
абразивті түйіршіктер немесе басқа абразивті заттар қозғалтқыш ішіне кіріп, оны
зақымдаған болса, оны кепілдік қамтымайды.
Бұл кепілдік тек
қозғалтқышқа қатысты материал я өндіру ақаулығын қамтиды, ал
қозғалтқыш орнатылатын жабдықты ауыстыруды я оның ақшасын қайтарып беруді
қамтымайды. Оған қоса, кепілдік төмендегі себептерге байланысты жөндеуді қажет
ететін жағдайларға қолданылмайды:
1 Briggs & Stratton компаниясы шығармаған, түпнұсқа емес бөлшектер туғызған
ақаулықтар.
2 Іске қосуға кедергі жасайтын, қозғалтқыш жұмысына кері әсер ететін немесе
қозғалтқыштың қызмет мерзімін қысқартатын басқару құралдары немесе
қондырғылар. (Жабдық өндірушісіне хабарласыңыз.)
3 Кірленген я ескірген жанармай қолдану салдарынан бітеу емес
карбюраторлар, бітелген жанармай құбырлары, дұрыс ашылмайтын/
жабылмайтын клапандар немесе басқа зақымдар.
4 Қозғалтқышты жеткіліксіз мөлшерде я кірленген маймен қолдану салдарынан
немесе жарамсыз май түрі қолданылғандықтан сызылған я сынған бөлшектер
(қажет болған кезде тексеріп, қайта толтырып отырыңыз және кеңес берілген
мерзімде ауыстырып отырыңыз). OIL GARD модулі жұмыс істеп тұрған
қозғалтқышты өшірмеуі мүмкін. Май деңгейі дұрыс ұсталмаса, қозғалтқышқа
зақым келуі мүмкін.
5 Briggs & Stratton шығармаған муфта, беріліс, қашықтан басқару құралы сияқты
қатысты бөлшектерді не түйіндерді жөндеу я түзету.
Not for
Reproduction