242 BRIGGSandSTRATTON.COM
Шығатын газ өшіргісі мен ұшқын сөндіргішін
тексеріңіз -
Сурет
1
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жылу бөледі. Қозғалтқыш бөлшектері,
әсіресе шығатын газ өшіргісі, қатты қызып кетеді.
Оған тисеңіз, қатты күйіп қалуыңыз мүмкін.
Жанғыш қалдықтар, мысалы жапырақтар, шөп, бұтақтар, т.б. тұтануы
мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Шығатын газ өшіргісіне, қозғалтқыш цилиндріне және тілімшелерге тимес
бұрын, олар салқындағанша күтіңіз.
Шығатын газ өшіргісі мен цилиндр маңынан жиналған қалдықтарды алып
тастаңыз.
Калифорнияның ортақ ресурстар кодексінің 4442 бабына сәйкес
қозғалтқыштың газ шығару жүйесі ұшқын сөндіргішімен жабдықталмаған
болса (4442 бабында сипатталғанға сәйкес) немесе ол тиімді түрде жұмыс
істейтін күйде болмаса, қозғалтқышты кез келген орман, тоғай немесе шөп
бар жерде қолдануға тыйым салынады. Басқа штаттар мен федералдық
юрисдикцияларда осыған ұқсас заңдар бар. Осы қозғалтқышқа орнатылған
газ шығару жүйесіне арналған ұшқын сөндіргішін алу үшін бастапқы жабдық
өндірушісіне, сатушысына немесе қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Шығатын газ өшіргісі мен цилиндр маңынан жиналған қалдықтарды алып тастаңыз.
Шығатын гах өшіргісін тексеріп (I, Сурет 1) тексеріп, шатынаған я тот басқан
жерлері немесе басқа зақым жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Жабдықталған болса, ұшқын
сөндіргішін (P) шешіп алып, оның зақымдалмағанын немесе күйік жиналып
қалмағанын тексеріңіз. Зақым табылса, қозғалтқышты қолданбас бұрын бөлшекті
ауыстырыңыз.
ЕСКЕРТУ: Бөлшектерді бірдей бөлшектермен алмастыру және түпнұсқа
бөлшектер тұрған орындарға орнату қажет. Басқа бөлшектер түпнұсқа бөлшектермен
бірдей өнімділікке жетпеуі мүмкін және құрылғыны зақымдап, жарақат алуға себеп
болуы мүмкін.
Оталдыу білтесін ауыстыру жолы -
Сурет
10
Сым калибрімен аралықты тексеріңіз (A, Сурет 10) (B). Қажет болса, аралықты
қайта орнатыңыз. Оталдыру білтесін орнатып, кеңес берілген бұрау моментін
қолданып қатайтыңыз. Аралық немесе бұрау моментінің параметрін
Сипаттамалар
бөлімінен қараңыз.
Ескертпе:
Кейбір өңірлердегі заңдар тұтату сигналдарын басу үшін резисторлық
оталдыру білтелерін қолдануды талап етеді. Бұл қозғалтқыш басында резисторлық
оталдыру білтесімен жабдықталған болса, оны сондай білте түрімен
алмастырыңыз.
Май ауыстыру жолы -
Сурет
1 11 12 13
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету
мүмкін.
Жоғарғы май құю түтігінен майды ағызсаңыз, жанармай багі бос болуы
керек, әйтпесе, жанармай ағып, өрт шығуы немесе жарылыс болуы мүмкін.
Қолданылған май қауіпті қоқыс болып табылады, сондықтан оны тиісті түрде тастау
керек. Тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қауіпсіз түрде тастау /қайтаөңдеу
орталықтары туралы ақпарат алу үшін жергілікті әкімшілікке, қызмет көрсету
орталығына немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
Майды ағызу
Майды қозғалтқыш түбіндегі ағызу тесігі, бүйірдегі ағызу тесігі немесе жоғарғы май
құю түтігі арқылы ағызуға болады.
1. Қозғалтқыш өшіп, бірақ әлі жылы тұрған екзде оталдыру білтесінің сымын (A)
ағытып, оны оталдыру білтесінен аулақ ұстаңыз (Сурет 11).
2. Қозғалтқыш түбінде (Q, Сурет 1) және/ немесе бүйірінде ағызу тесігімен
жабдықталған (R). Май ағызу тесігінің тығынын шығарып алыңыз (H). Майды
мақұлданған ыдысқа ағызыңыз.
Ескертпе:
Көрсетілген май ағызу тесігі тығындарының (H) кез келгені
қозғалтқышқа орнатылған болуы мүмкін.
3. Май ағызылғаннан кейін май ағызу тесігінің тығын орнына салып, қатайтыңыз.
4. Майды жоғарғы май құю түтігі (E) арқылы ағызатын болсаңыз, қозғалтқыштың
оталдыру білтесін орналасқан жағын (F) жоғары қаратын ұстаңыз (Сурет 12).
Майды мақұлданған ыдысқа ағызыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жоғарғы май құю түтігінен майды ағызсаңыз, жанармай багі
бос болуы керек, әйтпесе, жанармай ағып, өрт шығуы немесе жарылыс болуы
мүмкін. Жанармай багін босату үшін қозғалтқышты жанармай таусылғанша істетіп
қойыңыз.
Май қосу
Қозғалтқышты тегіс жерге қойыңыз.
Май құю жерін тазалаңыз.
Сыятын май көлемін
Сипаттамалар
бөлімінен қараңыз.
1. Май деңгейін өлшейтін өзекті (G) шығарып алып, таза шүберекпен сүртіңіз
(Сурет 13).
2. Май құю тесігіне (H) ақырындап май құйыңыз. Асырып жібермеңіз. Май
қосқаннан кейін бір минут күтіп, май деңгейін тексеріңіз.
3. Май деңгейін өлшейтін өзекті орнатып бекітіңіз.
4. Май өзегін шығарып алып, май деңгейін тексеріңіз. Май деңгейі өзектің толық
белгісінің (J) үстіңгі жағында болуы тиіс.
5. Май деңгейін өлшейтін өзекті орнатып бекітіңіз.
Ауа сүзгісіне қызмет көрсету жолы -
Сурет
15 16
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету
мүмкін.
Ауа тазалағыш жинағы (бар болса) немесе ауа сүзгісі (бар болса) алынған
кезде қозғалтқышты оталдыруға немесе жұмыс істетуге болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Сүзгіні тазалау үшін қысымдалған ауа немесе еріткіш қолдануға
болмайды. Қысымдалған ауа сүзгіні зақымдауы мүмкін, ал еріткіштер сүзгіні ерітеді.
Ауа сүзу жүйелерінің екі түрі көрсетілген: Стандартты және Өнімділігі жоғары.
Қозғалтқышқа орнатылған жүйе түрін анықтап, төмендегідей қызмет көрсетіңіз.
Стандартты ауа сүзгісі -
Сурет
15
Ауа тазалау жүйесінде жуып, қайта пайдалануға болатын көбік элементі
қолданылады.
1. Сырғымалы құлыпты (A) ашу күйіне жылжытыңыз. Қақпақты ашыңыз (B).
15 суретін қараңыз.
2. Көбік элементін шығарып алыңыз (C).
3. Көбікэлементінсұйықжуғышзатқосылған суда жуыңыз. Көбік элементін таза
шүберекке салып, құрғағанша сығыңыз.
4. Көбік элементін таза қозғалтқыш майымен қанықтырыңыз. Артық қозғалтқыш
майын шығару үшін көбік элементін таза шүберекке салып, сығыңыз.
5. Көбік элементін ауа сүзгісі тұғырына орналастырыңыз.
6. Қақпақты жауып, сырғымалы құлыпты жазу күйіне жылжытыңыз.
Өнімділігі жоғары ауа сүзгісі -
Сурет
16
Ауа тазалау жүйесінде қосымша түрде алдын ала тазалау құралын орнатуға
болатын қатпарлы сүзгі қолданылады. Алдын ала тазалау құралын жуып, қайта
пайдалануға болады.
1. Қақпақты ұстап тұратын бекіткішті (A) босатыңыз (B, Сурет 16).
2. Қақпақты ашып, алдын ала тазалау құралы (C)менсүзгіні(D) шығарып алыңыз.
3. Қалдықтарды сілкіп тастау үшін сүзгіні қатты бір жерге абайлап соғыңыз.Сүзгі
тым кір болса, жаңа сүзгімен алмастырыңыз.
4. Алдын ала тазалау құралын сұйық жуғыш зат қосылған суда жуыңыз. Одан
кейін жақсылап кебуі үшін қойып қойыңыз. Алдын ала тазалау құралын
майламаңыз.
5. Құрғақ алдын ала тазалау құралындағы құлақшаны (E) сүзгі тілімшелерінің
төменгі жағына бекіту арқылы құралды сүзгіге орнатыңыз.
6. Сүзгіні орнатыңыз.
7. Қақпақ құлақшаларын (F) тесіктерге (G)орнатыңыз.
8. Қақпақты жауып, бекіткішпен бекітіңіз.
Not for
Reproduction