246 BRIGGSandSTRATTON.COM
6 Ауа тазалағышына дұрыс техникалық қызмет көрсетпеу, қайта құрастыру
немесе түпнұсқа емес ауа тазалайтын элементті я картриджді қолдану
салдарынан қозғалтқышқа кір еніп, бөлшектердің зақымдалуы не тозуы. Кеңес
берілген мерзімдерде сүзгіні Оператор нұсқаулығына сәйкес тазалап және/
немесе ауыстырып тұрыңыз.
7 Салқындату қалақтары я тегершікті доңғалақ шөппен, қалдықтармен не кірмен
бітеліп, шамадан тыс жылдамдықпен істеу я қызып кету немесе қозғалтқышты
жеткіліксіз желдетусіз жабық жерде қолдану салдарынан зақымдалған
бөлшектер. Қозғалтқыш қалдықтарын Оператор нұсқаулығында көрсетілген
аралықтарда тазалап тұрыңыз.
8 Қозғалтқыш тірегі бос, кесетін жүздер бос, жүздер теңестірілмеген не бос,
қалақты дөңгелектер теңестірілмеген болғандықтан я жабдық қозғалтқыштың
иінді білігіне дұрыс бекітілмегендіктен, шамадан тыс жылдамдықты қолданудан
не басқаша дұрыс қолданбаудан туындаған шамадан тыс діріл салдарынан
бұзылған қозғалтқыш не жабдық.
9 Айналмалы көгалшапқыштың кесетін жүзімен қатты затқа тию немесе V
тәріздес белдіктің шамадан тыс қатты болуы салдарынан майысқан немесе
сынған иінді білік.
10 Қозғалтқышты күнделікті баптау не реттеу.
11 Сұйытылған мұнай, табиғи газ, құрамындағы этанол мөлшері 10%-дан көп
бензин сияқты балама жанармай қолдануға байланысты қозғалтқыштың
немесе қозғалтқыш бөлшегінің, яғни жану камерасының, клапандардың,
клапан ұяларының, клапан бағыттауыштарының не жанып кеткен стартер
моторы орамының бұзылуы.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету жұмыстарын тек Briggs & Stratton
компаниясының Өкілетті қызмет көрсетушілері атқара алады.
BRIGGSandSTRATTON.COM сайтындағы қызмет көрсетушілерді табу картасынан
немесе 1-800-233-3723 нөміріне телефон соғу арқылы (АҚШ-та) ең жақын Өкілетті
қызмет көрсетушіні табыңыз.
Not for
Reproduction