Briggs & Stratton 120000 Welding Consumables User Manual


 
237
kk
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету
мүмкін.
Жанармай қосқан кезде
Жанармай қақпағын шешіп алмас бұрын қозғалтқышты өшіріп,
салқындағанша кем дегенде 2 минут күтіңіз.
Жанармай багін сыртта немесе ауа айналымы жақсы жерде толтырыңыз.
Жанармай багін аса толтырып жібермеңіз. Жанармай кеңеюі үшін
жанармай багі мойынының түбінен асырып толтырмаңыз.
Жанармай ұшқындардан, ашық жалыннан, сигнал беретін шамдардан және
басқа тұтату көздерінен аулақ ұстаңыз.
Жанармай түтіктерін, багін, қақпағын және фитингтерін жиі тексеріп,
шатынап кетпегеніне және жанармай ағызбайтынына көз жеткізіңіз. Қажет
болса, ауыстырыңыз
Жанармай төгілсе, қозғалтқышты оталдырмас бұрын оның ұшып кетуін
күтіңіз.
Қозғалтқышты оталдырған кезде
Оталдыру білтесі, шығатын газ өшіргісі, жанармай қақпағы және ауа
тазалағышы (бар болса) орындарында мықтап бекітіліп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Оталдыру білтесі алынған кезде қозғалтқышты оталдырмаңыз.
Қозғалтқыш оталмай қалса, дроссельді (бар болса) АШЫҚ /ҚОСУ күйіне
қойып, дроссель жапқышын (бар болса) ЖЫЛДАМ күйіне қойып,
қозғалтқыш оталғанша оталдырыңыз.
Жабдықты қолданған кезде
Қозғалтқышты немесе жабдықты еңкейтпеңіз, себебі жанармай төгілуі
мүмкін.
Қозғалтқышты тоқтату үшін карбюраторды дроссельдендіруге болмайды.
Ауа тазалағыш жинағы (бар болса) немесе ауа сүзгісі (бар болса) алынған
кезде қозғалтқышты оталдыруға немесе жұмыс істетуге болмайды.
Майды ауыстырған кезде
Жоғарғы май құю түтігінен майды ағызған кезде жанармай багі бос болуы
керек, әйтпесе, жанармай ағып, өрт шығуы немесе жарылыс болуы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету үшін құрылғыны еңкейткен кезде
Техникалық қызмет көрсету үшін құрылғыны еңкейту керек болған кезде
жанармай багі бос болуы керек, әйтпесе, жанармай ағып, өрт шығуы
немесе жарылыс болуы мүмкін.
Жабдықты тасымалдаған кезде
Тасымалдаған кезде жанармай багі БОС болуы қажет немесе жанармайды
жабатын клапан ЖАБЫҚ болуы тиіс.
Жанармайды немесе багінде жанармай бар жабдықты сақтаған кезде
Пештерден, каминдерден, су қыздырғыштарынан немесе тұтату көздері
бар басқа құрылғылардан аулақ сақтаңыз, себебі олар жанармай буын
тұтатуы мүмкін.
Қозғалтқыш оталдырылғанда ұшқын пайда болады.
Ұшқын маңайдағы жанғыш газдарды тұтатуы мүмкін.
Соның салдарынан жарылыс болуы және өрт шығуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Маңайда табиғи немесе сұйытылған мұнай газы шығып жатса,
қозғалтқышты оталдырмаңыз.
Сығымдалған оталдыру сұйықтықтарын қолданбаңыз, себебі олардың буы
жанғыш болады.
УЛЫ ГАЗ ҚАУПІ. Қозғалтқыштан шығатын газда көміртегі монооксиді
бар. Ол - адамды бірнеше минутта өлтіре алатын улы газ. Ол көзге
көрінбейді, оны иіс мен дәмі жоқ. Сондықтан оны сезу МҮМКІН ЕМЕС.
Шыққан түтін иісін сезбесеңіз де, көміртегі монооксиді газын жұтуыңыз
мүмкін. Осы өнімді қолданған кезде құсқыңыз келсе, басыңыз айналса
немесе өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, оны өшіріп, ДЕРЕУ таза ауаға
шығыңыз. Дәрігерге қаралыңыз. Көміртегі монооксидімен уланған
болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұл өнімді тек сыртта, терезелер, есіктер және саңылаулардан аулақ
жерде қолданыңыз. Сөйтіп, көміртегі монооксиді газының жиналуы және
тұрғын үйлерге тартылуы қаупін азайтасыз.
Батареямен жұмыс істейтін немесе электр желісінен істеп, батареялардан
қосалқы түрде қуаттана алатын көміртегі монооксиді дабылдарын өндіруші
нұсқауларына сәйкес орнатыңыз. Түтін дабылдары көміртегі монооксиді
газын анықтай алмайды.
Бұл өнімді үйде, гаражда, төледе, еден астындағы бос жерде, қалқада
немесе басқа жартылай жабық жерлерде қолдануға БОЛМАЙДЫ. Ауа
айналуы үшін желдеткіштерді қолдану немесе есік пен терезелерді ашып
қою көмектеспейді. Көміртегі монооксиді мұндай жерлерде тез жиналып,
өнім өшірілгеннен кейін
де бірнеше сағат сақталуы мүмкін.
Бұл өнімді ӘРҚАШАН жел соққан жаққа қарай қойыңыз және
қозғалтқыштың
газ шығатын түтігін тұрғын үйлерден аулақ қаратыңыз.
Оталдыру сымы жылдам кері тартылған (кері тарту) кезде қолыңыз
қозғалтқышқа қарай тартылып, сымды жіберуге үлгермейсіз.
Бұның салдарынан сүйектеріңіз сынуы не шатынауы мүмкін,
қол-аяғыңызды ауыртып алуыңыз я сіңірлеріңіз созылуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Қозғалтқышты оталдырған кезде оталдырғыш сымды кедергі сезілгенше
ақырын тартып, одан кейін кері тартуға жол бермеу үшін шапшаң тартып
қалыңыз.
Қозғалтқышты оталдырмас бұрын барлық сыртқы жабдықты/ қозғалтқыш
жүгін алып тастаңыз.
Жүздер, қалақты дөңгелектер, керілген шығыршық дөңгелектер, тісті
доңғалақтар сияқты, бірақ олармен шектелмейтін жабдықтың тікелей
қосылған құрамдас бөліктерін мықтап бекітілуі тиіс.
Айналатын бөлшектер қолдарға, аяқтарға, шашқа, киімге немесе
әшекейлерге тиюі немесе оларды орап алуы мүмкін.
Соның салдарынан жарақаттан болған ампутация немесе тіннің қатты
үзілуі орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Жабдықты қолданған кезде қорғағыштар орнатылған болуы тиіс.
Қолдарыңыз бен аяқтарыңызды айналатын бөлшектерден аулақ ұстаңыз.
Шашыңыз ұзын болса, буып қойыңыз және әшекейлерді шешіп қойыңыз.
Салбыраған бос киім кимеңіз, салбырап тұратын баулар немесе ілініп
қалуы мүмкін заттар тақпаңыз.
Not for
Reproduction