241
kk
ЕСКЕРТУ: Оталдыру сымы жылдам кері тартылған (кері тарту) кезде
қолыңыз қозғалтқышқа қарай тартылып, сымды жіберуге үлгермейсіз. Бұның
салдарынан сүйектеріңіз сынуы не шатынауы мүмкін, қол-аяғыңызды ауыртып
алуыңыз я сіңірлеріңіз созылуы мүмкін. Қозғалтқышты оталдырған кезде оталдыру
сымын кедергі сезілгенше ақырын тартып, одан кейін кері тартуға жол бермеуүшін
шапшаң тартып қалыңыз.
9. Электрлі оталдыру: Электрлі оталдыру ауыстырып қосқышын қосу /оталдыру
күйіне бұраңыз.
Ескертпе:
Бірнеше әрекеттен кейін қозғалтқыш оталмаса,
BRIGGSandSTRATTON.COM сайтына кіріңіз немесе 1-800-233-3723 нөміріне
телефон соғыңыз (АҚШ-та).
ЕСКЕРТПЕ: стартердің қызмет мерзімін созу үшін қысқа оталдыру
айналымдарын қолданыңыз (ең көбі бес секунд). Оталдыру айналымдары
арасында бір минут күтіңіз.
10. Қозғалтқыш қызғаннан кейін дроссельді басқару тетігін (G)қосу
күйіне
жылжытыңыз (Сурет 8).
Қозғалтқышты өшіру жолы -
Сурет
5 9
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету
мүмкін.
Қозғалтқышты тоқтату үшін карбюраторды дроссельдендіруге болмайды.
1. Қозғалтқышты өшіру иінтірегін жіберіңіз (A, Сурет 5)
не
Дроссель жапқышын басқару тетігі бар қозғалтқыш: Дроссель жапқышын
басқару тетігін (B, Сурет 9) өшіру
күйіне жылжытыңыз.
не
Өшіру ауыстырып қосқышы бар қозғалтқыш: Өшіру ауыстырып қосқышын
(C, Сурет 9) өшіру күйіне итеріңіз
не
Электрлі оталдыру жүйесі бар қозғалтқыш: Электрлі оталдыру ауыстырып
қосқышын өшіру/ тоқтату күйіне бұраңыз. Ауыстырып қосқыштың орны мен
жұмысын жабдық нұсқаулығынан қараңыз. Кілтті алып, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
2. Қосымша жанармай беруді тоқтату клапаны бар қозғалтқыш Қозғалтқыш
өшірілгеннен кейін жанармай беруді тоқтату клапанын (D, Сурет 9) жабық күйге
бұраңыз.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТПЕ: Техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалтқыш еңкейтілсе, жанармай
багі бос болуы тиіс және оталдыру білтесі орналасқан жақ жоғарыда болуы тиіс.
Жанармай багі бос болмаса және қозғалтқыш кез келген басқа жаққа еңкейтілсе,
ауа сүзгісіне және/ немесе оталдыру білтесіне май я бензин тигендіктен
қозғалтқышты оталдыру қиынға түсуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Техникалық қызмет көрсету үшін құрылғыны еңкейту керек
болған кезде жанармай багі бос болуы керек, әйтпесе, жанармай ағып, өрт шығуы
немесе жарылыс болуы мүмкін.
Қозғалтқыш пен қозғалтқыш бөлшектеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
Briggs & Stratton компаниясының Өкілетті қызмет көрсетушісіне тапсырғанжөн.
ЕСКЕРПЕ: Қозғалтқыш дұрыс жұмыс істеуі үшін оның барлық құрамдас бөліктері
орнында болуы қажет.
Шығатын газ мөлшерін басқару
Шығатын газ мөлшерін басқару құралдарына техникалық қызмет көрсету, оларды
ауыстыру не жөндеу жұмыстарын кіші қозғалтқыштарды жөндейтін орталықтарға
я мамандарға атқаруға болады. Дегенмен, “ақы алынбайтын” шығатын газ
мөлшерін басқару құралдарына қызмет көрсетуге қол жеткізу үшін зауыттың
өкілетті қызмет көрсетушісіне жасату керек. Шығатын газ мөлшерін басқаруға
қатысты кепілдікті қараңыз
Кездейсоқ ұшқын шығарудан өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Кездейсоқ оталдыру салдарынан қол-аяғыңыз ілініп қалуы, жарақаттан
болған ампутация немесе тіннің қатты үзілуі орын алуы мүмкін.
Өрт қаупі
ЕСКЕРТУ
Бейімдеу немесе жөндеу жұмыстарын атқармас бұрын:
Оталдыру білтесінің сымын ажыратып, оны оталдыру білтесінен аулақ
ұстаңыз.
Аккумулятордың теріс ағытпасын ағытыңыз (тек электрлі оталдыруы бар
қозғалтқыштар).
Тек тиісті құралдарды қолданыңыз.
Қозғалтқыш жылдамдығын арттыру үшін реттегіш серіппені, жалғауларды
немесе басқа бөлшектерді өзгертуге болмайды.
Бөлшектерді бірдей бөлшектермен алмастыру және түпнұсқа бөлшектер
тұрған орындарға орнату қажет. Басқа бөлшектер түпнұсқа бөлшектермен
бірдей өнімділікке жетпеуі мүмкін және құрылғыны зақымдап, жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
Тегершікті доңғалақты балғамен немесе қатты затпен ұруға болмайды,
себебі ол кейін жұмыс істеп тұрған шағылып қалуы мүмкін.
Ұшқын шығаруды тексерген кезде
Мақұлданған оталдыру білтесін тексеру құралын қолданыңыз.
Оталдыу білтесі шешіп алынған күйде ұшқын шығаруды тексеруге
болмайды.
Техникалық қызмет көрсету кестесі
Алғашқы 5 сағат
Майды ауыстырыңыз
8 сағат сайын не күнделікті
Қозғалтқыш майының деңгейін тексеріңіз
Шығатын газ қшіргісі мен басқару құралдарын тазалаңыз
Сүзгі қорғағышын тазалаңыз
25 сағат сайын не жыл сайын
ауа сүзгісін тазалаңыз*
алдын ала тазалау құралын тазалаңыз*
50 сағат сайын не жыл сайын
Қозғалтқыш майын тексеріңіз
Шығатын газ өшіргісі мен ұшқын сөндіргіші
Жыл сайын
Ауа сүзгісін ауыстырыңыз
Алдын ала тазалау құралын ауыстырыңыз
Оталдыру білтесін ауыстырыңыз
Жанармай сүзгісін ауыстырыңыз
Ауаны салқындату жүйесін тазалаңыз *
* Шаң көп немесе ауада түйіршіктер болған жағдайда, одан жиі тазалаңыз.
Карбюратор мен қозғалтқыш жылдамдығын бейімдеу
Карбюраторды немесе қозғалтқыш жылдамдығын бейімдеуші болмаңыз.
Карбюратор зауытта жағдайлардың көбінде тиімді жұмыс істейтіндей орнатылған.
Қозғалтқыш жылдамдығын өзгерту үшін реттегіш серіппені, жалғауларды немесе
басқа бөлшектерді өзгертуге болмайды. Кез келген бейімдеу қажет болса, қызмет
көрсету үшін Briggs & Stratton компаниясының Өкілетті қызмет көрсетушісіне
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жабдық өндірушісі жабдыққа орнатылған қозғалтқыштың максималды
жылдамдығын белгілейді. Бұл жылдамдықтан аспаңыз. Жабдықтың максималды
жылдамдығын немесе зауытта орнатылған жылдамдықты білмесеңіз, көмек алу
үшін Briggs & Stratton компаниясының Өкілетті қызмет көрсетушісіне
хабарласыңыз. Жабдықты қауіпсіз және тиісті түрде қолдану үшін қозғалтқыш
жылдамдығын тек білікті қызмет көрсету маманы бейімдеуі тиіс.
Not for
Reproduction